«Манчестер Юнайтедпен» қазіргі келісімшарты біткен Давид де Хеа жазғы трансферлер кезінде басқа команда таба алмады.

Жарты жылдан бері клубсыз жүрген қақпашы футболға қайта оралғалы тұр. Белгілі журналист Экрем Конур Ағылшын Премьер-Лигасының ең бай клубтарының бірі саналатын «Ньюкаслдың» испандық қақпашыға келісім шарт ұсынуға дайын екенін хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, «қарғалар» жақын арада 33 жастағы қақпашыға келісімшарт ұсынбақ.

Давид де Хеа бұрын "Атлетико Мадрид" пен"Манчестер Юнайтедтің" негізгі қақпашысы болған. Сонымен қатар, ол ұзақ уақыт бойы Испания құрамасының бірінші нөмірлі қақпашысы болды.