Семейлік «Елімай» клубы Қазақстан құрамасының ойыншысы Юрий Перцухпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

"27 жастағы жартылай қорғаушы өз мансабын алматылық ЦСКА-да бастады. Тәжірибелі ойыншы «Қызыл-Жар», «Ақжайық», «Астана», «Атырау» және «Ақтөбе» ұжымдарының сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ, елордалық «Астана» құрамында ел чемпионы және Суперкубок иегері атанды. Юрий Перцух біздің командаға қарағандылық «Шахтерден» ауысты", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін семейлік клуб беларусь жартылай қорғаушысы Никита Корзунмен келісімшартқа отырғанын хабарлаған болатын.