Швецияда өтіп жатқан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында барлық ширек финалшылар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ертең Словакия – Финляндия, Швеция – Швейцария, Канада – Чехия және АҚШ – Латвия матчтары өтеді.

Жартылай финал және Германия мен Норвегия арасындағы тоғызыншы орын үшін ойын 4 қаңтарда өтеді. Үшінші орын мен финал 5 қаңтарда өтеді.

Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша бірінші дивизионның «А» тобында Қазақстан құрамасы келесі турнирде өнер көрсететін элитаға шықты.

Фото: championat.com