Дзюдодан Қазақстан құрамасы 2023 жылғы спорт маусымын Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) медальдар кестесінде алғашқы бестікте аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық дзюдошылар халықаралық федерациясының жалпы медальдар кестесінде бесінші орыннан көрінді. Отандық татами шеберлері былтыр 71 алтын, 86 күміс және 167 қола жүлде жеңіп алды. Олардың алдында Франция, Бразилия, Италия және Жапония құрамалары тұр.

IJF турнирлерінде ең көп медаль алған елдер төмендегіше:

Франция - 132 алтын, 129 күміс, 222 қола

Бразилия - 123 алтын, 94 күміс, 159 қола

Италия - 78 алтын, 82 күміс, 131 қола

Жапония - 74 алтын, 36 күміс, 39 қола

Қазақстан - 71 алтын, 86 күміс, 167 қола

Германия - 67 алтын, 67 күміс, 123 қола

Әзірбайжан - 64 алтын, 47 күміс, 96 қола

Өзбекстан - 63 алтын, 60 күміс, 110 қола

Канада - 63 алтын, 52 күміс, 83 қола

Оңтүстік Корея - 62 алтын, 46 күміс, 76 қола