Қазақстандық шаңғышылар Тоблахта «Тур де Ски» көпкүндігінің екінші кезеңі аясында 10 шақырымға классикалық жарысты сәтсіз өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Федор Карпов 81 (+3:33.8), Иван Люфт 84 (+3:50.1), Никита Гридин 86 (+3:59.4), Владислав Ковалев 87-орын (+4:03.2) алды.

Бұл кезеңде финн Перту Хиваринен жеңіске жетті.

Еске салайық, Тоблахта бірінші кезеңде қазақстандықтар еркін стильдегі спринтте іріктеуден өте алмаған еді.