Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Канберрада «Челленджер» сериясындағы турнирдің негізгі кезеңіне шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еліміздің екінші ракеткасы іріктеу кезеңінде аустралиялық Кейси Хульден жеңілді – 2:6, 5:7. Матч бір сағат 23 минутқа созылды.

Еске салайық, жұптық сында қазақстандық дуэт Скатов пен Денис Евсеев өнер көрсетіп жатыр. Олар іріктеудің бірінші айналымында сенімді жеңген.

Фото: ҚТФ