«Реалмен» бірнеше жүлденің иегері атанған Кейлор Навас жақын арада Мадридке оралуы мүмкін еді. Бұл туралы белгілі испанның «Marca» басылымы хабарлаған болатын.

Белгілі болғандай, «корольдік клубқа» жарақат алған Тибо Куртуаны Наваспен ауыстыруға кеңес берілген. Алайда команда бұл трансферден бас тартып, Кейлормен келіссөз жүргізген жоқ.

Қазіргі уақытта коста-рикалық қақпашы ПСЖ ойыншысы. Алайда ол осы маусымда бірде-бір ойынға қатысқан жоқ.