Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылғы ұлттық құраманың 10 үздік бапкерін анықтады.

Бірінші орынды Аргентина құрамасының жаттықтырушысы Лионель Скалони, екінші орынды Франция құрамасының бапкері Дидье Дешам, үшінші орынды Португалия құрамасының бапкері Роберто Мартинес иеленді.

IFFHS нұсқасы бойынша 2023 жылғы үздік 10 ұлттық құрама бапкері:

1. Лионель Скалони (Аргентина) – 185 ұпай;

2. Дидье Дешам (Франция) – 112;

3. Роберто Мартинес (Португалия) – 61;

4. Луис де ла Фуэнте (Испания) – 56;

5. Марсело Бьелса (Уругвай) – 43;

6. Хаджиме Мориясу (Жапония) – 20;

7. Гарет Саутгейт (Англия) – 19

8. Сильвиньо (Албания) – 16;

9. Валид Реграги (Марокко) – 15;

10. Стив Кларк (Шотландия) – 7.