Украиналық шахматшы Анна Музычук 2023 жылы Самарқандта (Өзбекстан) өткен блиц бойынша әлем чемпионатында ресейлік Валентина Гунинамен қол алысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гунина 17-ші раундта Музычукты ұтып, чемпиондық атағын қамтамасыз етті. Бұл ресейлік шахматшының блиц бойынша әлем чемпионатындағы екінші жеңісі – ол бұған дейін 2012 жылы жеңіске жеткен болатын.

Өткен жылғы блиц бойынша әлем чемпионатына келсек, оның жеңімпазы қазақстандық Бибісара Асаубаева болды, бірақ қазіргі турнирде ол өз атағын қорғай алмай, алтыншы орынға ғана ие болды. Меруерт Камалиденова да Самарқандта өткен әлем чемпионатында Қазақстан атынан бақ сынады – ол сегізінші болды.