Самарқанд қаласында (Өзбекстан) әйелдер арасында шахматтың рапид және блиц түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атағын қорғай алмай, турнирді 11 ұпаймен (9 жеңіс, 4 тең) алтыншы орында аяқтады.

Валентина Гунина (ФИДЕ) блиц бойынша жаңа әлем чемпионы атанды (14 ұпай), Александра Костенюк (Швейцария) күміс, Жу Цзинир (Қытай) қола жүлде жеңіп алды.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева блиц бойынша екі рет қатарынан – 2021 және 2022 жылдары әлем чемпионы атанды.