«Интер» жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян клубпен келісімшартын 2026 жылдың жазына дейін ұзартты. Бұл туралы италиялық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін журналист Николо Скира жаңа келісімшарт бойынша 34 жастағы футболшының жалақысы жылына 4 миллион еуроны құрайтынын мәлімдеген еді. Мхитарянның «Интерде» қалу үшін Сауд Арабиясы клубының ұсынысынан бас тартқаны айтылған.

Армениялық жартылай қорғаушы миландық клуб сапында 2022 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді.