«Астана» велокомандасы келісімшартын ұзартпаған бірқатар шабандозбен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтан кеткендер қатарында Андрей Зейц (Қазақстан), Юрий Натаров (Қазақстан), Мануэле Боаро (Италия), Давиде Мартинелли (Италия), Фабио Феллине (Италия), Александр Рябушенко (Беларусь), Леонардо Бассо (Италия), Антонио Нибали (Италия), Луис Леон Санчес (Испания), Джо Домбровски (АҚШ), Нұрберген Нұрлықасым (Қазақстан), Давид де ла Крус (Испания), Мартин Лаас (Эстония), Хавьер Ромо (Испания).

«Ертең командадан кететін барлық шабандоздарымызға алғыс айтамыз. Осы жылдарды бірге өткізу біз үшін мәртебе болды! Карьера мен өмірлеріңізде сәттілік пен бар жақсылықты тілейміз!» – деп жазды команданың баспасөз қызметі.