Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында биылғы соңғы кездесуін өткізді. Елордалық команда өз айдынында челябинскілік «Тракторды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олег Болякин шәкірттері 5:1 есебімен қарсыласын сенімді жеңді.

«Барыс» (Астана) - «Трактор» (Челябинск) 5:1 (3:0, 1:0, 1:1)

Шайбалар:

1:0 - Шестаков (Оберг), 08:182:0 - Скленичка (Шестаков), 09:243:0 - Червени (Камара), 16:394:0 - Камара (Старченко, Рымарев), 23:124:1 - Сошников (Дер-Аргучинцев, Бурдасов), 48:125:1 - Шестаков (Старченко), 51:18

Қақпашылар: Паскуале - Мыльников (Фукале, 20:00 - 60:00)

Естеріңізге сала кетейік, 28 желтоқсанда өткен ойында қазақстандық клуб конференция көшбасшыларының бірі «Авангардты» 5:1 есебімен жеңген болатын.