Pro Hokey Ligasy турнирінің екінші кезеңіндегі матчтардың күнтізбесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі турнирдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Регламентке сәйкес, екінші кезеңде қатысушылар өзара бір айналым ойнайды (әр командамен бір матчтан, өз айдынында 5 матч және сырт алаңда 5 матч) және жинаған ұпайларын ескере отырып, орындарды бөледі. Екінші кезеңдегі матчтардың күнтізбесі командалардың бірінші кезеңнен кейінгі орындарына сәйкес анықталады.

Командалар демалыстан 6 қаңтарда оралады, сол күні Рудныйда «Горняк» пен «Сарыарқа» кездесуі өтеді. «Номад» - «Алматы» және «Ақтөбе» - «Бейбарыс» матчтары 7 қаңтарға жоспарланған. «Хумо» мен «Ертіс» 8 қаңтарда кездеседі.

Тұрақты чемпионаттың соңғы ойын күні 16 ақпанға жоспарланған. Келесі кезеңде сегіз үздік команда плей-оффта өнер көрсетеді.