«Боруссия» осы маусымның соңында бапкерлер құрамын ауыстырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Журналист Эртан Сузгунның ақпараты бойынша, команданы жазда «Боруссияның» бұрынғы ойыншысы және қазіргі «Анталяспор» бапкері Нури Шахин басқарады. Қазіргі уақытта дортмундтық команданы жаттықтыратын Эдин Терзич клубтың спорт директоры болады.

«Боруссия» Бундеслигада 16 матчтан кейін 27 ұпаймен 5-орында тұр. Сондай-ақ команда өз тобында 1-орын алып Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты.