«Интер» жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян клубпен келісімшартын 2025 жылға дейін ұзартты, бұл туралы жақын арада жарияланады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Николо Скираның мәліметінше, 34 жастағы футболшының жалақысы жылына 4 миллион еуроны құрайды. Мхитарянның «Интерде» қалу үшін Сауд Арабиясы клубының ұсынысынан бас тартқаны айтылған.

Армениялық жартылай қорғаушы миландық клуб сапында 2022 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді.