Өзбекстанның Самарқан қаласында шахматтың рапид және блиц түрінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін әйелдер блиц шахматтан 9 тур ойнады. Қазіргі әлем чемпионы Бибісара Асаубаева 6 ұпай жинап (5 жеңіс, 2 тең ойын), бас жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды. Көш басындағы Валентина Гунинаның қазақ шахматшысынан 2,5 ұпайы көп. Ұлттық құраманың тағы бір ойыншысы Меруерт Камалиденованың еншісінде 6 ұпай бар (5 жеңіс, 2 тең ойын). Бір қызығы, екі гроссмейстер ертең 10-турда шеберлік байқасады. Осыдан кейін 5,5 ұпай жинаған Алуа Нұрманова тұр.

Ксения Балабаева – 4 ұпай

Әмина Қайырбекова – 4 ұпай

Назерке Нұрғали – 4 ұпай

Зарина Нұрғалиева – 4 ұпай

Әсел Серікбай – 3,5 ұпай

Лия Құрманғалиев – 3,5 ұпай

Елназ Калиахмет – 3 ұпай

Айару Алтынбек – 2 ұпай

Айта кетейік, биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1 миллион АҚШ доллары. Оның 700 мыңы ерлер арасындағы ашық бәсекеде, қалған 300 мыңы әйелдер арасындағы турнирдің жүлдегерлері алады.