Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Самарқандта өткен рапидтен әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Кездесулер нәтижесінде 33 жастағы спортшы 10 ұпай еншіледі. Норвегиялық спортшы соңғы айналымда үндістандық Рамешбобо Прагнанандхамен тең ойнап, қарсыластарынан басым түсті.

«Мен бақыттымын. Кешегі ойындарға көңілім толмады, сондықтан тапсырманы қиындатудың қажеті жоқ деп шештім. Мүмкін бүгін мен аздап сақтанып ойнаған шығармын», - дейді шахматшы.

Осылайша Карлсен жылдам шахматтан бес дүркін әлем чемпионы атанды. Ол бұған дейін 2014, 2015, 2019 және 2022 жылдары әлем чемпионы болған.