12 қаңтарда Австралияның Танунда қаласында басталатын World Tour 2024 Tour Down Under маусымының бірінші көпкүндік жарысына Астана командасының құрамы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың ресми сайтының хабарлауынша, Қазақстан құрамасының австралиялық кезеңдегі құрамы Самуэле Баттистелла, Джанмарко Гарофоли, Мишель Гадзоли, Дмитрий Груздев, Макс Кантер, Рюдигер Зелиг және Кристиан Скаронилерден тұрады.

Еске сала кетейік, жарыс 12-21 қаңтар аралығында өтеді.