Қазақстандық жартылай қорғаушы Самат Жарынбетов мансабын «Ордабасыда» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы «Тобылдың» тең иесі Әлімжан Қалдияров мәлімдеді.

29 жастағы жартылай қорғаушы бірнеше маусымды «Тобылда» өткізді. Өткен маусымда ол қостанайлық клубтың жейдесінде 22 ойын өткізген.

Жарымбетов келесі маусымды Шымкенттің «Ордабасысында» өткізеді.