Қазақстандық шахматшы Денис Махнев Өзбекстанда өткен блицтен әлем чемпионатында сенсация жасады.

Отандасымыз бірінші айналымда турнир фавориттерінің бірі – америкалық Фабиано Каруананы жеңді.

Америкалық шахматшы 2018 жылы Магнус Карлсенге қарсы әлемдік турнирде ойнаған, ал, Самарқандта екінші орынға ие болды.

«ФИДЕ блиц бойынша әлем чемпионатының ашылу раундындағы алғашқы 5 ойында бір тең ойын және бір күтпеген жеңіліс болды. Денис Махнев Фабиано Каруананы жеңді. Алда тағы 20 раунд!» деп жазады FIDE турнирдің басталуы туралы хабарламада.

Денис атақты қарсыласын жеңіп, 5 раундтан кейін 4 ұпай жинап, 9-орынға ие болды.