Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Леонардо Мендонка да Роса латвиялық РФШ клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Чемпиондар лигасының бірнеше дүркін жеңімпазы Леонардо Мендонка да Росамен келісімге келгенімізді қуана хабарлаймыз!

36 жастағы футболшы өзінің тамаша карьерасында «Қайрат» және лиссабондық «Спортинг» сынды атақты командаларда өнер көрсетті», - делінген РФШ мәлімдемесінде.

«Мен РФШ намысын қорғайтыныма өте қуаныштымын! Клуб алға қойған мақсаттарына жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайық. Өз тәжірибеммен соған қол жеткізуге үлес қоса аламын деп үміттенемін. Маусымның соңында жеткен жетістіктерімізді мақтан ететінімізге сенімдімін!», - деді Лео.