«Интер» жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоглуға Сауд Арабиясының клубы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайлы Prosports.kz.

Gazzetta.it мәліметінше, ойыншыға «Әл-Хиләл» қызығушылық танытып отыр. Футболшыға маусымына 18 миллион еуро жалақысы бар 4 жылдық келісімшарт ұсынылды, бұл жартылай қорғаушының миландық клубтағы жалақысынан үш есе көп.

Алайда «Интер» бас бапкері Симоне Индзаги түркиялық футболшыны жіберуден бас тартты.