Бүгін Түркістанда футзалдан Қазақстан Кубогының төрттік финалының жеңімпазы анықталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түркістандағы «Olympic Center» спорт сарайында Қазақстан Кубогы финалында алматылық «Қайрат» пен «Семей» командалары кездеседі.

«Қайрат» — «Семей» матчы 18:55-те басталады. Ал оған дейін үшінші орын үшін матчта «Ордабасы» мен «Ақтөбе» (16:00) ойнайды.

Футзал жанкүйерлері матчтарды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.