Франция құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе франциялық клубпен келісімшартын ұзартуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.

El Chiringuito мәліметінше, 25 жастағы шабуылшы «Реал Мадрид» сапына ауысу мүмкіндігін қарастырып отыр және келісімшарт 2024 жылдың басында жасалуы мүмкін.

Осы маусымда Килиан Мбаппе париждіктер сапында турнирде 22 матч өткізіп, 21 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы ойыншыны 180 миллион еуроға бағалап отыр.