Ақтөбеде дюдодан жасөспірімдер 5 кю аттестациясын тапсырды. Аттестациялауға Қазақстан дзюдо федерациясының орталық аттестациялау комиссиясының төрағасы, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев төрағалық етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы Саламат Отарбаев атындағы дзюдо Академиясында өткен аттестациялауға 65 жас татами шебері қатысты.

Шара барысында Қазақстанға еңбегі сіңген, әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғаған әлем чемпионы Максим Раков, қазіргі таңда Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры қызметіндегі Айбек Имашев , Тұңғыш Олимпиада чемпионы жастар арасында Ерлан Слямбаев және Елдос Ихсангалиев сынды білікті спортшылар жастармен тәжірибесін бөлісті.

Айта кетерлігі, 5-ku аттестациясынан өткен дзюдошылар сары белбеуге ие болады.