«Реал Мадридтің» бұрынғы қақпашысы Диего Лопес 42 жасында кәсіпқой футболдан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Mundo Deportivo сайтына сілтеме жасап.

Испаниялық қақпашының соңғы клубы «Райо Вальекано» болды. Футболшының командамен келісімшарты осы жылдың шілде айының басында аяқталды. Тараптар келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. Қақпашы алты ай бойы клубсыз болды, содан кейін ол карьерасын аяқтауды шешкен.

Лопес бүкіл карьерасында «Реал Мадрид», «Милан», «Вильярреал», «Севилья» және «Эспаньол» сияқты командаларда ойнады. Мадридтік клубпен бірге қақпашы Чемпиондар лигасын, Ла Лига мен Испания кубогын жеңіп алды. Қақпашы 2009 жылы Конфедерациялар кубогында Испания құрамасы сапында да өнер көрсетті.