«Семей» футзалдан Қазақстан кубогының жартылай финалдық матчында «Ақтөбені» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 4:6 есебімен семейлік команданың пайдасына аяқталды.

Осылайша команда «Қайраттан» кейінгі Қазақстан кубогының екінші финалисті атанды.

Қазақстан кубогы. Жартылай финал

«Ақтөбе» - «Семей» 4:6

Голдар: Нулет, Иманалин, Нулет, Иманалин («Ақтөбе») – Дәрібай, Тейшейра, Лазюк, Дедезиньо, Дедезиньо, Дедезиньо («Семей»).