Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов жаттығу процесі басталғанын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

«Джако» Instagram парақшасында жаттығу залынан видео жариялап, «Келесі жекпе-жекке дайындала бастадым», деп жазды.

Айта кетейік, желтоқсанның басында Жалғас Жұмағұлов UFC-ден кеткеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ол Астанада өткен Naiza турнирінде жапониялық Масато Накамураны техникалық нокаутпен жеңді.

Instagram Stories-інде Жұмағұлов көктемде Naiza-да тағы бір жекпе-жек өткізуге ниетті екенін жариялап, «наурыздағы кардқа дайындалып жатырмыз», деп жазды.