Түркістанда футзалдан Қазақстан кубогының төрттік финалы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түркістандағы «Olympic Center» спорт сарайында тұңғыш рет Қазақстан кубогының төрттік финалы өтеді. 28-кезекті турнирдің жартылай финал ойындары 28 желтоқсанда өтеді.

Айта кетейік, жартылай финалда «Ордабасы» — «Қайрат» (16:00) және «Семей» — Ақтөбе (19:00) командалары кездеседі.

Футзал жанкүйерлері матчтарды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.