«Сұңқар-2023» ұлттық студенттік сыйлығының «Үздік студент-спортшы» аталымында Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Салтанатты марапаттау «Студент спорт жұлдыздары» форумы аясында өтті.

Сора Рахмонова марапатты грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы, қазақ спортының аңызы Юрий Васильевич Мельниченконың қолынан алды», - делінген хабарламада.