Ресейлік UFC файтері Умар Нурмагомедов америкалық боксшы Флойд Мейвезермен жұдырықтасу ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін кіші Нурмагомедов әлеуметтік желіде онымен ешкім кездескісі келмейтінін айтып шағымданған.

«Мейвезермен жекпе-жек өткіз», - деп пікір жазды жанкүйерлердің бірі. Умар бұған екі күлген смайликпен жауап берді.

Айта кетейік, Умар Нурмагомедов ММА-да 16 жекпе-жек өткізіп, 16 жеңіске жеткен. 46 жастағы Флойд Мейвезер кәсіпқой бокста 50 жекпе-жек өткізіп, 50 жеңіске жеткен.