Финляндия құрамасы 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының матчында Германиядан 3:4 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финдер сапында Томми Маннисто, Каспер Халттунен және Саму Бау мергендік танытты. Немістер сапында Вейт Освальд дубль авторы атанды, Никлас Хюбнер мен Роман Кехтер гол соқты.

Осылайша, Финляндия турнирдің алғашқы екі кездесуінде жеңіліп, А тобында төртінші, Германия үшінші (3 ұпай) болып тұр.