Америкалық MMA Fighting спорт порталы өтіп жатқан 2023 жылдың ең үздік аралас стильдегі үш файтерін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орын американдық Шон Стриклендке бұйырды - 2023 жылы ол үш жекпе-жек өткізіп, үш рет жеңіске жетіп, қыркүйекте нигериялық Израиль Адесаньядан орта салмақтағы UFC чемпиондық белбеуін тартып алды.

Екінші орынды ресейлік Ислам Махачев иеленді - ол австралиялық Александр Волкановскиді екі рет жеңіп, жеңіл салмақта UFC әлем чемпионы атағын қорғады.

Камерундық Фрэнсис Нганну мен британдық Леон Эдвардс үшінші орынды бөлісті.