Қазақстандық файтер Қуат Хамитов ресейлік «Наше дело» ММА-лигасынан Александр Грозинмен жекпе-жек ұйымдастыруды сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Наше дело», Александр Грозин біздің файтерлерді сәт сайын жеңіп жүргені ұнамайды. Сондықтан ақсақал диваннан тұрып, торға оралуына тура келіп тұр. Бұл жағдайды реттеу керек. Александр Грозин, сөз сенде, жекпе-жекті қабылда, кім мықты екенін көрейік», - деді файтер.

Еске салайық, Грозин таяуда Мұратбек Қасымбайды, оның алдында Магомед Кабардиевті жеңген болатын.