Жеңіл салмақта UFC чемпионы Ислам Махачев ESPN нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік файтері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы ресейлік 2023 жылы екі рет Александр Волкановскиді жеңіп, титулын қорғап қалды. Сондай-ақ, барлық салмақ рейтингінде көш басына шықты.

Сонымен қатар, ESPN Махачев пен Волкановски арасындағы алғашқы кездесуді жыл жекпе-жегі деп таныды. 11 ақпанда Махачев төрешілер шешішімен жеңген болатын.

Фото: Chris Unger / Contributor / UFC / Gettyimages.ru