«Детройт Пистонс» NBA тұрақты маусымындағы матчта өз алаңында «Бруклин Нетс» командасынан 112:128 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы 41 ұпай жинаған «Пистонстың» қорғаушысы Кейд Каннингем болды.

Детройт ойыншылары қатарынан ұтылу саны бойынша жаңа лига рекордын орнатты - 27. Пистонс соңғы рет 28 қазанда Чикагоны жеңген.

Бұған дейін Кливленд 2010/11 маусымында, ал Филадельфия 2013/14 маусымында қатарынан 26 матчта жеңілген болатын.