Жасөспірімдер арасындағы Қысқы Олимпиада ойындарында шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Каzinform.

Олимпиада ойындары 2024 жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпан аралығына Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өткізіледі.

Қазақстандық жасөспірім хоккейшілер 3х3 турнирінде бақ сынайды. Бас бапкер - Рамазан Кайдаров.

Құрама Польша, Австрия, Тайпей, Латвия, Дания, Испания және Ұлыбритания хоккейшілерімен күш сынасады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойын кестесі:

20 қаңтар. 15:00. Польша – Қазақстан21 қаңтар. 13:30. Қазақстан – Австрия21 қаңтар. 20:30. Латвия – Қазақстан22 қаңтар. 12:00. Қазақстан – Дания22 қаңтар. 19:00. Тайпей – Қазақстан23 қаңтар. 12:30. Испания – Қазақстан23 қаңтар. 20:30. Қазақстан - Ұлыбритания

Жасөспірімдер арасындағы Қысқы Олимпиада ойындары 2012 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.