«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында «Аль-Иттихадқа» қарсы ойында дубль жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

38 жастағы португалдық екі пенальтиді орындап, командасының 5:2 есебімен жеңіске жетуіне ықпал етті.

Осының арқасында Роналду әрқайсысы 52 голдан соққан Килиан Мбаппе мен Гарри Кейнді басып озып, 53 голмен 2023 жылдың үздік бомбардирі атанды.