«Ливерпульдің» шабуылшысы Мохамед Салах ағылшындық клубпен жаңа келісімге отыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Экрем Конурдың әлеуметтік желіде хабарлауынша, «Ливерпуль» Салахпен келісімшартты 2027 жылдың жазына дейін ұзартуға мүдделі.

Естеріңізге сала кетейік, мысырлық футболшы «Ливерпульге» 2017 жылы «Ромадан» ауысты. Осы маусымда Салах барлық турнирлерде ағылшын командасында 26 матч өткізіп, 16 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Transfermarkt интернет-порталының мәліметі бойынша 31 жастағы ойыншының нарықтағы құны 65 млн.

Қазіргі уақытта мерсисайдтықтар 2023/2024 маусымындағы Ағылшын Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр. «Ливерпуль» келесі ойынын дүйсенбі, 1 қаңтарда өткізеді. Клопп шәкірттері Премьер-лиганың 20-шы туры аясында өз алаңында «Ньюкаслмен» кездеседі.