Ресейлік қақпашы Арсен Сиукаев мансабын «Жетісуда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

27 жастағы қақпашы талдықорғандық клубтың құрамында жаттығудан өтеді.

Бұрын Сиукаев ресейлік «Кубань», «Биолог», «Машук» және «Спартак Нальчик» клубтарында ойнаған, ал қақпашының мансабында армяндық «Арарат-Армения» және «Лори» клубтары да болды. Ол соңғы маусымды «Ақсу» сапында өткізді.