«Қазақ Терминаторы» деген лақап аты бар қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай (12-4) «Наше Дело» поп ММА лигасында ресейлік Александр Грозинмен (23-4-1) жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл шайқас аралас жекпе-жек ережесі бойынша өтіп, төрешілер шешімімен Грозиннің жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Мұратбек Қасымбай спорттық мансабындағы бесінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, Грозин Ашық ФК лигасының чемпионы, «Наше дело» лигасының Гран-при чемпионы, сонымен қатар AMC Fight Nights титулына бұрынғы үміткер.