«Әл-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

17-ші турда «Әл-Иттихад» сырт алаңда 5:2 есебімен ұтылды.

Қонақтар сапында Криштиану Роналду мен Садио Мане дубль авторы атанды. Португалиялық екі пенальтиді голға айналдырды. Тағы бір голды Андерсон Талиска өз атына жазды.

Осылайша, «Әл-Наср» 43 ұпай жинап, Про-Лигада 2-орынды қамтамасыз етті.