Алматылық «Қайрат» Грузия құрамасының 26 жастағы жартылай қорғаушысы Гиорги Зариамен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт 2025 жылдың соңына дейін жасалған.

Позициясы: шабуылдаушы жартылай қорғаушыБойы: 178 смСалмағы: 72 кг

Гиорги Зариа кәсіпқой мансабын Грузияның «Саско» клубында бастады.

2015 жылы ол Тбилисидің «Динамосына» көшіп, онда бес жарым жыл болды. Командамен бірге үш рет Грузия чемпионы болды, тағы екі рет ел кубогын және суперкубогын жеңіп алды.

Кейінгі үш жылда Батумидың «Динамосында» өнер көрсеткен. Биыл 39 матч өткізіп, 9 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

2021 жылдың күзінде Зариа Грузия құрамасы сапында Испаниямен өткен матчта негізгі құрамда өнер көрсетті.