Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) YouTube-тегі «Вестник ММА» арнасына берген сұхбатында аяғындағы жарақатынан толық айығып, октагонға қашан оралуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Сізге қазір сауығып кету керек, қандай да бір процедуралар бола ма…Алдағы жарты жылда немесе кейінірек ораласыз ба?

- Сосын көреміз, білмеймін. бәлкім жазда. Мамыр, маусым айларында жекпе-жекке дайын боламын.

– Сіз үшін ең бастысы – аяғыңыздың қалыпқа келуі ме?

– Иә, аяғым сезінуі үшін, денсаулығым жақсы болуы үшін демалу керек, бұл жекпе-жекке көп дайындалдым.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов өзінің кейінгі жекпе-жегінде жекпе-жекке емделмеген тобық жарақатымен шығып, америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) мерзімінен бұрын жеңген болатын.