Ресейлік қақпашы Арсен Сиукаев мансабын «Жетісуда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы қақпашы талдықорғандық клубтың құрамында жаттығудан өтеді.Бұрын Сиукаев ресейлік «Кубань», «Биолог», «Машук» және «Спартак Нальчик» клубтарында ойнаған, қақпашы мансабында армениялық «Арарат-Армения» және «Лори» клубтарында да өнер көрсеткен. Ол соңғы маусымды «Ақсу» сапында өткізді.