Аты аңызға айналған америкалық ауыр салмақтағы әлем чемпионы Майк Тайсон қазіргі уақытта планетаның ең үздік боксшысы туралы айтты.

«Әлемдегі ең мықты боксшы кім? Мен бұл жапондық деп ойлаймын», - деді Тайсон YouTube-тегі FightHype.com арнасына берген сұхбатында.

Әңгіме 30 жастағы жеңіліс көрмеген жапон боксшысы Наоя Иноуэ туралы болып отыр, ол бүгін екінші жеңіл салмақта сөзсіз әлем чемпионы атана алды. Айта кетейік, өткен жылы жапондық спортшы жеңіл салмақ дәрежесінде де барлық титулдарды біріктіре алды.