26 желтоқсанда қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығында еркін жарыспен Шығыс Еуропа кубогы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа Қазақстанның 9 облысынан 100-ге жуық спортшы қатысты.

Ерлер арасында Владислав Ковалев жеңіске жетті, Дидар Қасенов күміс, Егор Степанов қола жүлдені иеленді.

Кіші топта Әмірғали Мұратбеков жеңіске жетті. Екінші және үшінші орындарда Сұлтан Базарбеков пен Григорий Дачкин.

Әйелдер арасында Анна Мельник көш бастап, Камила Махмұтова екінші, Ангелина Шурыга үшінші орынға табан тіреді.

Жасөспірімдер арасында үздік үштік: Елизавета Толмачева, Анастасия Хвощенок, Сабина Сүлейменова