Алматыда жоғалып кеткен белгілі қазақстандық және кеңестік спортшы Серік Нұрқазов табылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«1959 жылғы Серік Нұрқазов есімді азамат аман-есен табылды және жақындарымен қауышты», – делінген қалалық ПД хабарламасында.

ПД айтуынша, жоғалған адамның қайда екенін анықтауға және оның отбасына оралуына бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені жүргізілді.