Аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, америкалық боксшы Деонтей Уайлдер жаңа зеландиялық Джозеф Паркерден жеңіліп қалғаннан кейін үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшы жекпе-жек барысында өзінің жоспарын орындай алмағанын мойындады.

Уайлдер өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында видео үндеу жариялады. Боксшының айтуынша, бәрі жоспар бойынша болмағанын айтты.

«Біз жеңілдік. Егер шынына келсек, мен не болғанын білмеймін. Тайминг жағынан мәселелер болды, мен соққы жасамадым, жоспарлағанымдай қолымды төмен ұстамадым. Кейде мұндай жағдайлар болып тұрады. Біз тағы бір жекпе-жектен, тағы бір сәттен өту үшін өмір сүреміз. Мен бұрынғыдай бақыттымын, өмірім әлі де күлкі мен қуанышқа толы. Үміттеріңізді ақтамаған болсам, кешіріңіздер. Біз ораламыз. Бұл соңы емес», – деді Уайлдер.

Еске салайық, Уайлдердің қарсыласы Джозеф Паркерден төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңілді. Жекпе-жек Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) бокс кеші аясында өтті.